Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние

Өлiмнiң хақ екенiн көрсең де,
Өлместей омыраулап, шатасың.
Дозақтың барын бiлiп жүрсең де,
Күнәға, әлiң келсе, батасың.

Сауап көп ғибадатқа десең де,
Жалығып, жалқауланып жатасың.
Адалдың адал рызқын жесең де,
Арамды әдейi iздеп татасың.

Сыртыңды сыланасың өң берiп,
Iшiңнiң түзетпейсiң хатасын.
Айла мен алдағанды жөн көрiп,
Адамды аң орнына атасың.

Жалғанның бiр пайдасын көргенде,
Арланбай арыңды да сатасың.
Алланың ақ өлiмi келгенде,
Амалсыз қара тастай қатасың.
Достарыңызбен бөлісіңіз