Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Зұлымдық қылып елді жеп...

Зұлымдық қылып елдi жеп,
Ойладың әбден байырды,
Атану үшiн мырза деп,
Кәрiпке бердiң қайырды.

Құлшылық қылдым деме құр,
Қобызға жаққан шайырды,
Жазалы жаның сезiп тұр,
Жасырғанмен зайырды.

Құдайға пара бересiң,
Лақ пен қотыр тайыңды,
Жоғалтқандай көресiң,
Ел жылатқан жайыңды.

Олай емес, шырағым,
Мұның түбi уайым-ды,
Параға берген лағың
Ар, иманнан айырды.

Елден кешу алмасаң,
Жалмауыздай жалмасаң,
Тәңiрiнi малмен алдасаң,
Алдыңда көрiң дайын-ды.
Достарыңызбен бөлісіңіз