Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Жазу мәселесі

Қазақ дыбысына қарай харіф түзету турасындағы ойым: бұл харіф түзету деген бүгін басталған сөз емес. Шаһ Тахтинский ( ) орнына цифрлар да салып қараған. Бірақ, оны қауым қабыл алмаған соң қалған. Және біздің харфіміз араб харфі; оны өзгертуді жұрт ұнатпайтындығы белгілі болған.
Жолы болған г,ң,у сықылдылар кіріп кеткен.
А.Б. мырзаның һәмзесі ( ) мен қос ноқтасын ( ) жұрт қабылдағанын-ақ ұнатамын. Бірақ, һәмзе алиф орнына жүруші еді. Оны басқа харіфке қоямыз деп әуре қылар-ау деп шошимын. Сірә, солай қыла қалса, менің ойыма келетұғыны, баспа машинасына реті келсе, кейде үтір орнына үлкен уәу салсақ жазуымыз недәуір түзелер еді деп ойлаймын. Біздің тілде екі үст бар: бірі - ( ), бірі - ( ), яғни бірі хәреке, бірі алиф. Мұның әуелгісі жіңішке, соңғысы жуан айтылған харфтерге хәреке болады. Мысалы: бірі - һамасы, бәрі болғаны дегендей. Бізде үш түрлі аст бар: бірі болар-болмас білінетұғын - орысша "ы" сықылдырақ. Менің ойымша, мұндайға түк салмасқа керек. Бірақ, састы - сасыды, асты - ысыды деген сықылдыларда не аст, не сәкінмен ғана білдірсін. Егерде мұндай "ы" сықылды аст сөздің аяғына келсе, "ы" қойылсын, себебі ондайда біз "ы" қылып оқимыз. [...] "и" қылып оқиды; екеуіне де бөгет жоқ. Екінші аст "е" сықылды, оған "и" қою керек. Егерде сөз аяғында келсе, "е" яғни, ресми қою керек. Үшінші "и" сықылды, оған екі, яғни "ии" салу керек. Мысалы: сиыр, қисық дегендей.
Бізде үтір екі түрлі. Мысалы: бүр (ағаштың бүрі) – бор (ақ топырақ). Сіздер "у" бар дерсіз, жоқ! «У» «уға» сәкін болады. Мысалы: бұ бала – бура (түйе) дегендей. Бірақ, бұл үтір «уәу»-лар Жуан-жіңішкеге бірдей харіфтерге айтылғанда һәр қайсысы екі түрлі болып, төрт түрлі дыбыс шығады. Мысалы: бүр (ағаш бүрі), бұр (айналдыр), бор (ақ топырақ), бөрі (қасқыр). Міні, байқасаңыз жуанына уәу, жіңішкесіне ( ) үтір салдым.
«Қазақ», 1913, ... қыркүйек, 22-нөмір
Достарыңызбен бөлісіңіз