Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Білімсіз ел жас бала сықылды

Білімсіз ел жас бала сықылды: бір жаңа нәрсе көрінсе, бұрынғыны тастап, соған ұмтылмақшы. Біздің қазақ «Қазақ» газетасы шыққан соң «Айқап» журналын тастап кете ме деп кәдік көремін. Тамам қырғыз һәм қазаққа бір журнал, бір газета көптік қылмас – екеуін де алу керек!
Газетаға сөз жазушы мырзалардан өтінемін: «Қазаққа» да, «Айқапқа» да жазып тұрсаңыздар екен?! Себебі «мынада пәленшенің сөзі жоқ» деп, жұрт не сылтау қылып, не ындынсыз болмасын! Тағы бір сөзім: «осы бір газета, бір журналымызды үлкейтеміз, көбейтеміз» демей, қолдағы бар екеуін көп кісі алып оқуға тырыссақ болады. Осыдан артықты көтерер шамамыз жоқ қой әзір деп ойлаймын. Оқушымыз бен байлығымыз белгілі ғой.
(«Қазақ», 1913 жыл, 16 июнь, 18-нөмір).
Достарыңызбен бөлісіңіз