Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Басқарушы мырза!

Төменгі сөзім «Қазаққа» басылса екен. Таза жүрек - дұрыстың құлы. 22-нші нөмір «Қазақтағы» менің жазу туралы сөзіме А. Б. мырзаның қайырған жауабы дұрыс. Мен баспахана ісімен таныс еместігіммен жұмысты көбейтіп жіберіппін. Қарпы қанша көп болса да, ілгері басуына бөгет болмайтұғын япон еместігіміз есімде болмапты.
«Қазақ», 1913, 21 қыркүйек, 31-нөмір
Достарыңызбен бөлісіңіз