Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Орамалға

Төрт ай түстім, жүгірдім,
Бұл орамал жолына.
Еріксіз міне түңілдім,
Түспеді ақыр қолыма.

Идеям бердім жолыңа,
Көрінді қайдан сорыма.
Айтып өткен бұл бір сөз,
Кім жазықты оныма?

Аузым күйді шалқайдым,
Басым енді бұрылмас.
Жолдас болды құр қайғың,
Екінші болдым ұрынбас.
Өзіме өзім қожайын,
Енді неғып азайын!

Уақ-түйек ойларға
Алданып қалар мен емес.
Мендей Әли бойларға
Бүкіл сахра тең емес.
Танытамын елдерге,
Күн астындағы жерлерге.

Бұл ойыма жетуге
Он жыл талап керек қой.
Ойымнан алыс кетуге
Қуғаным болсын айт пен той.
Мен тұрмыстың қылышы,
Тағдырдың буынар тынысы
Достарыңызбен бөлісіңіз