Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Күңгірт түспен ойға батып

Күңгірт түспен ойға батып,
Орындыққа отырған.
Жүрек қаны сыртқа атып,
Бет аузынан оқылған.

Бек мұңайып айтты көз:
«Үмітсізбін» деген сөз.

Өңін тартқан ішіне,
Ызғарлы толқын ойлары.
Қарағың келмес түсіне,
Толқынға батқан бойлары.

«Шыныммен болдым саған қор, –
Деп көрінісі айтып тұр.

Болып қана сыртқа ашық,
Күлейін деп ойлайды.
Іштегі түтін кеп басып,
Онысына қоймайды.

Үмітті көңіл шегініп,
Жылатады егіліп.

Дәмеленіп үміт тосып,
Көңіл қайда лепірген?

Сағынып, ойлап, тулап шошып,
Жүрек қайда секірген?

Амалсыз қазір суыған,
Жылылық жоқ жуыған.
Достарыңызбен бөлісіңіз