Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Ж...

Қарақат көздің сәулесі,
Жүректі түртіп тулатат.
Мен сол ойдың әуресі
Түйінін таппай улатат.
«Сәулешім» деген бір сөзің,
Есімнен кетпес өмірде.
Серт қылдым берік мен өзім,
Өшпестей жазып көңілге.
Қосылған жүрек, тілек бір,
Дегені бірақ бола алмас,
«Болдырмақ!» десең өзің біл,
Онсыз жаным тына алмас.
Еркімді бердім өзіңе,
Бұйдалы басым бұрылмас.
Көрінбесең көзіме,
Сабырсыз жүрек тұра алмас.
Аз ашылған сөзден де,
Түрі бар істің оңалмас.
Бар жиһанды кезсем де,
Сенсіз бақыт қона алмас.
Сенемін, сен де мендейсің.
Тек қана тағдыр айырар,
Басқаға көңіл бөлмейсің,
Мен үшін ғана қайғырар.
Топас күш — тасқын, біз жаңқа,
Сең соқса достар айрылар.
Бар қайғым осы, жан қалқа,
Топанды күш жоқ қайырар.
Жетпесе жүрек сертіне,
Жас көңіл жасып майрылар.
Бұғау салса еркіне,
Ажал кеп жанды жай қылар.
Бәрі де қолдың қысқасы,
Бір күнді мойынға алмауым,
Тағдырдың шебер ұстасы,
Көрдім мен жоқ қып қарғауын,
Талапты жас жүректі
Дүние қоймас алдауын.
Бермесе тәңірі тілекті,
Істесін мейлі жалмауын.
Жұмақ

Кең сарай — ұғуынша жұрттың жұмақ,
Бар мұсылман жиналып сонда тұрмақ.
Ұйқы жоқ, ас ішу жоқ, махаббат жоқ,
Не қылған «қызық тірлік» біткен қурап!

Кім көрді? Жұмақ қайда? Ешкім білмес.
Дерексізге дембе боп көңлім сенбес.
Жиырма бес хордың қызын бір еркектің
Алуы өң түгілі түске де енбес.
Тіпті рас болса да рахат жоқ,
Бас қатырар ұрыспен өңкей күндес.
Достарыңызбен бөлісіңіз