Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Қашанғы бұлай өтеміз

Қашанғы бұлай өтеміз,
Қашықтап жүріп екеуіміз!
Анамыз тасқа жерік боп,
Тас болып түстік пе екенбіз!?
Мен көнсем кейде, сен көнбей,
Сен көнсең кейде, мен көнбей;
Түнереміз де жүреміз,
Әкеміз бүгін өлгендей.
Өтеміз бе өйстіп, үнделмей?!
Өтті ғой бәрі, өтті ғой...
Өтінем сенен, кекті жой.
Қосылмас рельстердің де,
Қосылар шағы жетті ғой...
Достарыңызбен бөлісіңіз