Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Шындық туралы

Шындық көзге шұқиды қашаннан да,
Шыбын жаның шындықтан қаша алған ба.
Ар-ақиқат үкімі жасалғанда,
Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да.
Қолға тұрар қулар да, зұлымдар да,
Ат жалынан мал тапқан жылымдар да.
Арамзаны, ұрыны жұлып түспей,
Ақиқаттың алмасы суынған ба!
Шындық деген - шымылдық біреулерге,
Қалқа қылып шындықты жүрер пенде.
Шымылдығын шындық кеп жұлып алса,
Шыбыны ұшып, бишара кірер жерге.
Достарыңызбен бөлісіңіз