Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Хал сұрама, жыр сұра

Бас қатырып, несіне күн кешемін
Бәрі өтеді...
Ешкім де білмес емін.
Бәрібір табиғатпен бірге есемін,
Бәрібір табиғатпен тілдесемін,
Несіне бас қатырып, күн кешемін.
Сен менен хал сұрама, жырды сұра!
Ырзамын өміріме, тұрмысыма.
Жырды сұра!
Ілесіп кетем бір күн,
Қайтадан оралмайтын жыл құсына.
Айдын көлден ажырар сағатында,
Арман кетер аққудың қанатында.
Арман қалсын, алайда жыр қалмасын,
Жердің мына жетіқат қабатында.
Бас қатырып несіне күн кешемін,
Бәрі де өтер...
Ешкім де білмес емін
Күнім батпай, алдымен жырым батса,
Бір сағат та жер басып жүрмес едім.
Достарыңызбен бөлісіңіз