Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Сиыр айдап өріске ертеңменен

Сиыр айдап өріске ертеңменен,
Баратын ек тоғайға еркемменен
Тал басына шық тұрып, күннің нұры
Мың бояумен тоғайды көркемдеген
Қарасаздың шыбығын жел тербеген,
Жел тербеген шыбықты мен тербегем.
Ойласамшы, сол шыбық терек болып,
Өзегімді бір кезде өртер деген...
Қарасаздың шыбығын жел тербеген
Жел тербеген шыбықты сен тербеп ең.
Сонда менің ойымда мұң бар еді,
Өзі келіп, бір күні серпер дегем
Жақын өсіп жас шыбық бала талға,
Оянатын екеуі ала таңда
Тағдырымды сонда мен табыстаппын,
Сезімі бар, сенім жоқ алақанға...
Қарасаздың шыбығын сен тербеп ең,
Сен тербеген шыбықты мен тербегем.
Ойласамшы сол шыбық бір кездерде,
Өзегімді өзің боп өртер деген
Сол тоғайға барып ем ертеңменен,
Қарсы алдымда терек тұр жел тербеген.
Бір тоғайда бірге өскен егіз едік,
Here ғана шошыдың, еркем, менен?!
Достарыңызбен бөлісіңіз