Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Сен

Сен көрікті едің...
Көріктісің!
Баяғы бойыңдағы желік-күшің.
He істеймін десең-дағы еріктісің,
Себебі көріктісің, көріктісің!
Сен ақылды едің...
Ақылдысың!
Тал бойыңда талмаған ақыл-күшің.
Ерке мінез, есен-сау жатырмысың,
Жатырмысың, жаныма жақын құсым?!
Жаратқан қолдан соққан асыл мүсін
...Алдыңа келу қандай қиын маған!
О, менің ақ бақытым, бұйырмаған.
Саусағыңның ізіне көзің салшы,
Шым-шытырақ шимаймен шиырлаған,
О, менің ақ бақытым, бұйырмаған.
Сен сүйікті едің...
Сүйіктісің!
Сені көріп тағы да күйікті ішім.
Мен шыға алмас шың едің, шын бақытым,
Әлі де биікпісің?
Биікпісің?!
Сен шақырсаң, мен бармай

Сен шақырсаң, мен бармай,
Мен шақырсам, сен келмей,
Төбелескен жандардай,
Ерегескен елдердей,
He көрінді біздерге?
Heгe бұлай, апыр-ау!?
Бірін-бірі іздеуде,
Біздің көңіл, батыр-ау!
Мейлі жүрек жыласын,
Тереңдесін батқан мұң.
Алауыздық сынасын,
Арамызға қаққан кім?
Ренжіттің мені сен,
Ренжіттім мен сені.
Өмірімнің өрісі ең,
Өзімнен де еңселі.
Пай, пай!
Неткен уайым!
Бұлдыраған сағымдай.
Көңіліміздің лайын,
Құрғатар жан табылғай...
Достарыңызбен бөлісіңіз