Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Сен

Сен көрікті едің...
Көріктісің!
Баяғы бойыңдағы желік-күшің.
He істеймін десең-дағы еріктісің,
Себебі көріктісің, көріктісің!
Сен ақылды едің...
Ақылдысың!
Тал бойыңда талмаған ақыл-күшің.
Ерке мінез, есен-сау жатырмысың,
Жатырмысың, жаныма жақын құсым?!
Жаратқан қолдан соққан асыл мүсін
...Алдыңа келу қандай қиын маған!
О, менің ақ бақытым, бұйырмаған.
Саусағыңның ізіне көзің салшы,
Шым-шытырақ шимаймен шиырлаған,
О, менің ақ бақытым, бұйырмаған.
Сен сүйікті едің...
Сүйіктісің!
Сені көріп тағы да күйікті ішім.
Мен шыға алмас шың едің, шын бақытым,
Әлі де биікпісің?
Биікпісің?!
Сен менің

Сен мына - жанарымның ішіндесің,
Жанардың білесің ғой кішірмесін.
Ішіне жанарыңның сақта меңі,
Біреулер көлеңкесін түсірмесін!
Сен менің - мына тылсым кеудемдесің,
Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін.
Кеудеңе-зынданыңа салып сақта,
Біреулер көкпар қылып өңгермесін!
Сен мына - тілімдесің, үнімдесің,
Білесің ғой, тілімнің бүлінбесін.
Сен мені үніңе қос, тіліңе тұт,
Үнім өшіп, үшкір тіл тілінбесін!
Сен мына - менің алып басымдасың,
Білесің, ешкім де оны басынбасын.
Сен мені өз басыңмен бірге қорға,
Біреулер зұлымдығын асырмасын!
Сен - менің миымдасың!
Білесің, миым жатқа бұйырмасын..
Миыңның бір жеріне жасыр мені,
Қиылсын өмір солай... Қиылғасын!..
Алдынан терезеңнің жүріп өттім,
Сен мені байқадың ба, құдіреттім?
Тұрдың ба терезеңнің ар жағында?
Теңселіп, тұтқан пердең діріл етті.
Heгe өртенді?
Жүрегім неге өртенді?!
Нелер келіп, басыма нелер төнді...
Балконыңнан қол былғап, қарсы алушы ең,
Heгe менен жасырдың көлеңкеңді?
Қайран көктем,
Қайран гүл, қайран жазым!
Сарқылған ба, шынымен сайран-назың?
Айныдың ба, шайлығып шалқарыңнан?
Айдынымда қанатын жайған қазым.
Көзің қайда көшеден мені іздеген,
Сөзің қайда жанымыз егіз деген?
...Терезеңнің алдына келіп тұрмын,
Көгершіндей,
Қысты күн... жем іздеген...
Сен менің жүрегімді жазалама

Сен менің жүрегімді жазалама,
Шыдайды ол қуанышқа, қазаға да,
Жүрек деген - сезім ғой, сезіміме
Сезіммен кел, болмаса мазалама.
Достарыңызбен бөлісіңіз