Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Сен

Сен көрікті едің...
Көріктісің!
Баяғы бойыңдағы желік-күшің.
He істеймін десең-дағы еріктісің,
Себебі көріктісің, көріктісің!
Сен ақылды едің...
Ақылдысың!
Тал бойыңда талмаған ақыл-күшің.
Ерке мінез, есен-сау жатырмысың,
Жатырмысың, жаныма жақын құсым?!
Жаратқан қолдан соққан асыл мүсін
...Алдыңа келу қандай қиын маған!
О, менің ақ бақытым, бұйырмаған.
Саусағыңның ізіне көзің салшы,
Шым-шытырақ шимаймен шиырлаған,
О, менің ақ бақытым, бұйырмаған.
Сен сүйікті едің...
Сүйіктісің!
Сені көріп тағы да күйікті ішім.
Мен шыға алмас шың едің, шын бақытым,
Әлі де биікпісің?
Биікпісің?!
Сен маған шарфыңды бер

Сен маған шарфыңды бер, шарфынды бер,
Сыйыңа сый жасаймын, нарқымды көр,
Қарызыңды мың есе қайтармасам,
Шапалақпен жағымнан тартып жібер.
Сен маған шарфынды бер, шарфынды бер,
Сырдың желі мойнымды шарпып жүрер,
Алатаудың арда өскен тентегімін,
Қайырымды құрбыңның нарқын білер...
Достарыңызбен бөлісіңіз