Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Сен

Сен көрікті едің...
Көріктісің!
Баяғы бойыңдағы желік-күшің.
He істеймін десең-дағы еріктісің,
Себебі көріктісің, көріктісің!
Сен ақылды едің...
Ақылдысың!
Тал бойыңда талмаған ақыл-күшің.
Ерке мінез, есен-сау жатырмысың,
Жатырмысың, жаныма жақын құсым?!
Жаратқан қолдан соққан асыл мүсін
...Алдыңа келу қандай қиын маған!
О, менің ақ бақытым, бұйырмаған.
Саусағыңның ізіне көзің салшы,
Шым-шытырақ шимаймен шиырлаған,
О, менің ақ бақытым, бұйырмаған.
Сен сүйікті едің...
Сүйіктісің!
Сені көріп тағы да күйікті ішім.
Мен шыға алмас шың едің, шын бақытым,
Әлі де биікпісің?
Биікпісің?!
Сен бе едің?

Көтерілмей жүргенде еңсем менің,
Армандадым, біреуді көрсем дедім.
Біреу маған алыстан қолын созған,
Қолын созған қамқоршым, сол сен бе ёдің?
Танысып та, ашынып сезімдерім,
Ұзақ таңға ұйықтамай, көз ілмедім.
Сонда мені біреу кеп әлдилеген,
Әлдилеген сәбиін өзің бе едің?!
Сері күннен жалығып, кері күннен,
Жалғызсырап кей-кейде жерідім мен.
Біреу сонда жанымнан шықпайтұғын,
Жаны бірге менімен серігім бе ең?!
Қысылтаяң сәттерде саған келдім,
Жасырмай-ақ халімді жаман дедім.
Мұңым менен сырыма ортақ болған
Адам ба едің!
Аяулы панам менің
Сен менің көтерілген еңсем бе едің?
Армандадым, өзіңді керсем дедім.
Бақыт іздеп жүр едім, сол сен бе едің?!
Арманым жоқ, алдыңда өлсем сенің.
Достарыңызбен бөлісіңіз