Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Сен

Сен көрікті едің...
Көріктісің!
Баяғы бойыңдағы желік-күшің.
He істеймін десең-дағы еріктісің,
Себебі көріктісің, көріктісің!
Сен ақылды едің...
Ақылдысың!
Тал бойыңда талмаған ақыл-күшің.
Ерке мінез, есен-сау жатырмысың,
Жатырмысың, жаныма жақын құсым?!
Жаратқан қолдан соққан асыл мүсін
...Алдыңа келу қандай қиын маған!
О, менің ақ бақытым, бұйырмаған.
Саусағыңның ізіне көзің салшы,
Шым-шытырақ шимаймен шиырлаған,
О, менің ақ бақытым, бұйырмаған.
Сен сүйікті едің...
Сүйіктісің!
Сені көріп тағы да күйікті ішім.
Мен шыға алмас шың едің, шын бақытым,
Әлі де биікпісің?
Биікпісің?!
Сен Батыста, мен Шығыста

Сен Батыста, мен Шығыста - халықпыз,
Бір бақшада бірге бүршік жарыппыз.
Бір Отанда бірге Бақыт тауыппыз,
Бір Отанда бірдей теңдік алыппыз,
Біз осындай тірліктегі халықпыз.
Мен Шығыста, сен Батыста достармыз
Бір денеге бірге біткен қос жанбыз,
Ұлы Одаққа басымызды қосқанбыз
Біз осындай бірліктегі достармыз.
Даутабаға құя алмайды Сыр барып
Бірақ біздер бір арнада, бір халық.
Достығымыз жатыр, міне, шындалып
Ұлы Отанда шешек атып, гүл жарып
Өттік біздер өткелдерден не түрлі
Сын сағатта босағамыз бекінді.
Латыш, Қазақ екеуі де бір құстың
Егіз біткен қос қанаты секілді.
Сен Батыста, мен Шығыста екі елміз
Мәңгілікке бауыр болып кетерміз.
Сен Батыста, мен Шығыста Отанға
Қалқан болып жаратылған екенбіз.
Төрлетіндер, ардақтары Балтықтың!
Балтық жырын Балтыққа ұқсап шалқыт бір
Достарыңызбен бөлісіңіз