Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Саяхат

Сал-сал да күндер, сал күндер,
Балалық атты бал күндер,
Барайын баяғы ауылға,
Жоқ кімдер, я бар кімдер.
Барайын бастау, жылғаға,
Қырға да, қызыл құмға да,
Бал күнін қиып кете алмай,
Жүр ме екен ойнап бір бала.
Мынау бір шағын көл еді,
Қыздардың жүрер жері еді.
Біздердің мынау жағамыз,
Қыздырған күнге денені.
Бәрі орнында, көгерсін.
Бірі жоқ қыздың, ұлдың да.
Амалың қанша, не дерсің,
Уақыт деген құрғырға
He дерсің уақыт құрғырға,
Біреулер кеткен жантайып,
Оралмас мәңгі құрдымға.
Біреулер қалған қартайып.
Аттандым аз күн тұрдым да...
Достарыңызбен бөлісіңіз