Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Сал-сал жырым

Сал-сал жырым, сал жырым,
Ағытыл, алтын сандығым.
Сен бар жерде баймын да,
Сен жоқ жерде жарлымын.
Сал-сал жырым, сал жырым.
Тыпыршушы едің кермеде,
Тындың да қалдың сен неге?
Тымырсып барын біткенше,
Өртеніп кеткін, өр неме!
Өртеніп кеткін кеудеде!
Қаршығам едің қағынды,
Қағынбай қалдың нағылды?
Тояттап тұрсаң ұша алмай,
Жабулы қазан жабулы,
Бықсытпа менің жанымды.
He болды саған, жолдасым?
Қарайсың әзер, болмашы.
Қарусыз сенсіз қалдым мен,
Тұтқынға түскен қолбасы,
He болды бізге, жолдасым?!
Достарыңызбен бөлісіңіз