Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Мен білмеймін, нe болады күні ертең

Мен білмеймін, нe болады күні ертең.
He болса да, не болса да күнелтем!
Екеуміздің жүрегіміз білер тек,
Сырласайық, оңашаға жүр, еркем.
Қалай-қалай құбылады мына күн?!
Қалай-қалай құбылса да шыдадым.
Екеуміздің жүрегіміз ұғады,
Сырласайық оңашада, шырағым
Мен несіне, сен несіне жыладың?!
Айтпай-ақ қой, айтпасаң да ұғамын.
Бәлен жерде құлағанда құланың,
Бәлен жерде ұмыт қалған тұмарың!..
Бәлен жерде...
He түседі дәлелден?
Бәрі де ұмыт, бәрі де жоқ,
Бәрі өлген...
Оны сен де таба алмайсың әлемнен,
Оны мен де таба алмаймын әлемнен...
Достарыңызбен бөлісіңіз