Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Майданның бәйгесіне

Қарасаздың су ішіп бұлағынан,
Жүретұғын құлпырып құла құнан.
Қылығы да, жұп-жұмыр мүсіні де,
Аумайтұғын киіктің лағынан
Қимылдаса ши басы, секем алып,
Құйын болып далада кетеді ағып.
Үйірінен үзіліп, жеке қалып,
Жарысатын желменен жеке барып,
Желіге де байланбай құлынында,
Жел ойнатып жүретін тұлымында.
Тай болды, құнан болды, әлі бірақ
Көрген жоқ жылқышының құрығын да.
Жылқышы қарт ерекше ардақтаған.
(Біледі ғой, қазақ қой мал баптаған)
Өзі келіп, үйретіп, мінер деген,
Аман келсе майданнан солдат балам.
Дөнен болды, қалды артта балалық шаң,
Қарт міне дөненіне бұғалық caп,
Баласынан хабар жоқ, қарт тұр енді,
Бәсірені майданға шығарып caп.
«Жүрген жерің от болсын, хош, жануар!
Бәлекеті жоқ болсын, хош, жануар!»...
Бәсіресін, баласын біздің қарттар,
Бәйгесіне майданның қосқаны бар.
Достарыңызбен бөлісіңіз