Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Күміс жалды күн дейтін көлікпенен

Күміс жалды күн дейтін көлікпенен,
Көріп келем өмірді, көріп келем.
Қуатым бар жанымда сеніп келем,
Даңғазаға даурығып, желікгіеген.
Кездеседі кей-кейде босаң қайғы,
Кеспек болып алдымды шошаңдайды.
Кездестірем кейде бір осал жайды,
Кезі-кезі келгенде дос алдайды,
Көңіл сонда құлазып, босаңдайды.
Жүгірмей, желмей, жортпай, жорғаламай,
Өрмелеп шығып келем жонға қарай,
Қыран болсам қонбас па ем шыңға барып,
Дариға-ай, қанатымның, болмағаны-ай!..
Достарыңызбен бөлісіңіз