Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Кереметі-ай, мына жарық сәуленің

Кереметі-ай, мына жарық сәуленің!
Езу тартып барады, әне, әлдекім,
Алатау да жатыр, әне, сәнденіп,
Ал мен болсам, бір жаныммен әуремін.
Кереметі-ай, мына жарық сәуленің!
Қайта маған оралар ма әл-демім.
Қайда кеттің, қайда кеттің, дәрменім?
Қайда кеттің, сауық-сайран дәуренім?
Достарыңызбен бөлісіңіз