Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Жүр

«Жүр.
Кеттік біздің ауылға,
Келістік.
Әкел қолыңды?
Шөйіліп күнәң жауында,
Найзағай оссын жонынды.
Астыңа дүлдүл ат беріп,
Қиямен тауға айдайын.
Қияннан, қане, ат келіп,
Алдыңа киік байлайын.
Биікті нағыз көргенде,
Жүрегің лоблып айналсын.
Биіктен қарап дөңдерге,
Даңғаза басың ойлансын.
Көп айтушы едің тұнықты,
Тұнықты нағыз көр енді.
Алдында бұлақ тұрыпты,
Батыра көрме денеңді.
Тұныққа төніп қара да,
Тұнық боп көрін халыққа.
Ақ па екен дүзің, қара ма,
Өзіңді-өзің анықта.
Жүрегім менің - жанартау

Жүрегім менің - жанартау,
Жалын боп шығар от-демім.
Келем деп қамсыз, самарқау,
Өртеніп, қалқам, кетпегін.
Жолама маған жуықтап,
Маңымнан, қалқам, жүр аулақ.
Өтірік қана суып қап,
Алыстан сені тұр арбап.
Момақан болып жатқанда,
Ойлама оны сөнді деп.
Көмейден жалын атқанда,
Көнбейді мынау өр жүрек.
Атқылап жалын тұрғанда,
Құдайыңа да көнбейді.
Аяғын аттап бұл маңда,
Сондықтан ешкім келмейді.
Жүрегім менің - жанартау,
Жанбаған шақта кел, мейлі!
Жанартау қазір самарқау,
Самарқау, бірақ сөнбейді...
Достарыңызбен бөлісіңіз