Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Есіңде ме?

Есіңде ме?
Екеуміз де елде едік.
Екеуміз де жоқ нәрсеге шөлдедік.
Ағайынның айтқанына көнбедік,
Ойлап тұрсам...
Жасаппыз ғой пенделік.
Нені көрдік?!
He бітіріп, жөндедік?!
Нені сездік?
Нені көрдік, досым-ау?!
Аңсап көрген арманымыз осы ма?!
Елге қайтып кетеді деп шошыма,
Оралмаймын бір жығылған қасыма!
Есіңде ме, тар лашық, аласа,
Еденіміз - текемет пен алаша.
Аласа үйде - асқар таудай тамаша,
Аласұрып, қуанушы ек балаша,
Сонда біреу екеумізге қараса,
Тамыз еді...
Жылға, тоғай.
Оңаша.
Шіркін сол шақ!
Тамаша еді, тамаша!
Онда - тамыз, мұнда, міне, қараша...
Достарыңызбен бөлісіңіз