Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Асығып алыс күндерге

Асығып алыс күндерге,
Бір белден асып, бір белге,
Адасып қалмай бір жерде,
Айсыз қара түндерде,
Отаныңда - іргеңде
He жетсін өмір сүргенге!
Алысар жерде алысып,
Табысар жерде табысып,
Жүгенсіз асау өмірдің
Жалына мықтап жабысып,
Жарысар жерде жарысып,
Жұртыңның қорғап намысын,
Халқыңмен бірге қауышып,
He жетсін өмір сүргенге!
Отыңды бірге жағысып.
Тыраштап босқа күн көрме
Тірлікте мына жүргенге!
Тұншығып қалма бір демде,
Тыншығып қалма тіл, кеуде!
Жарыққа мына не жетсін,
He жетсін өмір сүргенге!
Достарыңызбен бөлісіңіз