Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Абысындар

Бірінің жары өлген де,
Бірінің жары хабарсыз.
Сұрапыл басқа төнгенде,
Кетіпті қара қағазсыз.
(Ажалға берген шығыны)
Бір аяқ, бір қол жоғалған.
Кеудеде тірі шыбыны,
Бірінің жары оралған.
Жалғанда тірлік, тұрмысың
Бірінің жары дін аман.
Көргенде жесір құрбысын,
Жесірден бетер жылаған.
Бірінің сыры біріне
Белгілі, бәрі тым қанық.
Өткізген жастық күніне,
Күніне қайтар бір барып.
Сырларын бүгіп ішіне,
Сыр мінез, тату абысын,
Сездірмей тірі кісіге,
Сақтап жүр әйел намысын...
Достарыңызбен бөлісіңіз