Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Насихат ғумумия

I
Бұл жазған, замандастар, насихатым,
Емесдур риядан141, хақ ниетім.

139 сұхбат - әңгіме
140 мұбтәлә - душар
141 рия-іш мерез,екі жузді

Көңілі ашық, көзі өткір інілерім,
Хәр түрлі мұһим142 істен файда алатын.
Базары һүнер ғылым ашылғанда,
Лайық емес сіздерге құр қалатын,
Жан фида ғылым үшін мал тәрк ет,
Артылсын күн-түн сайын мәғрифатың.
Файда жоқ іс өткен соң бармақ шайнап,
Алып қал осындайда бар хажәтің.
Алмасаң айтқан тілді, ғазизлерім,
Күн болар өкінішпен зарланатын.
Нанбасаң өздеріңіз ойлап қара,
Бұл айтқан болмас теріс дәлалләтім.
Әлбетте, кеще болсаң кала бердің
Барларың ұғарсыздар фарасатың.
Біреуден екеу афзал, екеуден үш
Қосылсын һәммәңіздің иттифақың.
Жүргенміен жеке-жеке іс бітпейді,
Байқасаң, фікір етіп мұның фарқын.
Ішінде темір тордың шынжырлаулы,
Жатқанын көрмеймісің қайран халқың?
Көп қуып, қорқақ едік, батыр қылды,
Біздерге енді не бар аянатын?
Біз сонша сатып алған қүл емеспіз,
һәр кімді төбемізге шығаратын.
Болады әбігер заман деген осы,
Байқасаң Алаш ұғлы азаматым.

II
Шығады асыл тастан, һүнер жастан,
Тәрбие тәуір болса әуел бастан.
Мысалы ғылым таппақ сол секілді.
Бұлақтың бітіп жатқан көзін ашқан.
Жігітке талаптанған мың рахымет,
Файдасын ғылымының халыққа шашқан.

142мұһим-маңызды

Жаны ашып нашарларға хызмет етіп,
Салса егер түзу жолға болса адасқан.
Халық үшін жанын қиып шыққан болса,
Хайырлы һәр қадамы болсын басқан,
Көрсетіп тар орында таудай ғайрат,
Құтқарса мұхтаждықтан болса сасқан.
Қазақ хор болар ма еді көп болса егер,
Шаһбазалар осы айтқандай һүнері асқан.
Немене бұл күнгі хәл ойлап тұрсақ,
Жақсымыз өз файдасын құр қарасқан.
Азырақ дәулет біткен кісі болса,
«Мен баймын, сен кедей» деп мал санасқан.
Болмаса бірлі-жарым талапкерлер,
Бозбала һүнерпазбен жоқ жанасқан.
һиммәтсіз байларымыз бәрі надан,
Хайыр, ихсан143, иғанатдан144 аулақ қашқан.
«Анау артық мен кейін қалам ба?» деп
Өзді өзі хәсәтлікпен145 құр таласқан.
Молдалар файдалы іске уағыздамай,
Керексіз ұсақ сөзбен бахасласқай146.
Құзғындай қызыл көрген барар жетіп,
Кісіні көрсе билер бір дауласқан.
Үйінде ғаділдігі ұмыт қалып,
Биекем келуші ме еді пара алмастан?
Уаллаһи, көзім көрді мұның бәрін,
Наныңыз, жалған демей, шын растан.

III
Һүнерпаз қара жерге салар қайық!,
Жиһаннан алар тағлым қанат жайып,
һәр жердің тамашасын көзбен көріп,
Жастықта етер сайран болып ғайып.

143 ихсан - жақсылық
144 иғанат - жылу, жәрдем
145 хәсәтлік - күншілдік
146 бахас - бәсеке

Тұрғанда бойда қуат жүрген жақсы,
Аяғың бір күн қылдан кетер тайып.
Басыңды тауға да соқ, тасқа да соқ,
Отырма бір орында құр мұңайып.
Жүргеннен тіпті қарап файдалырақ
Күнінде үйренсең де жалғыз хәріф147
Тамшыдан тама берсе, болар дария,
Кетпей ме ахырында бір молайып.
Қылжақтап екі ауылдың арасында,
He файда жүргеніңнен құр сорайып?
Бай болып һүнер білсең тіпті жақсы,
Зор қару дәулетіңді бұл сақтарлық.
Тым артық кедей болсаң оқығаның,
Білгенге қиын емес кету байып.
Мағлұмсыз мал дәулеті уақытша
Бүгін бай, ғажап емес ертең ғәриб.
Дүниеде кедейлік жоқ һүренпазға,
Түседі ләхытқа бірге барып.
Мысалы надандықтың қараңғы түн,
Білгеннін, жүрген жері бәрі жарық.
Бұларды айту бізден, істеу сізде,
Мүбәда іні болса үлгі аларлық.
Ғибрат дүниеден алар болса,
Көрінеу тұр кісіге сөз ұғарлық.
Қызына айтып, келінге байқатқандай
Мағнасы көпке бірдей сөз шығардық.
Түсінер ишараға фәһімлер
Түс ашып «сол солай» деп не қылалық.

IV
Майда бол жігіттер болсаң тал жібектей,
Жақсы емес қатты болу тікенектей.
Ғылымың болсадағы ұшан-теңіз,
Файда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
Көрген мен көрмегенде көп фарық бар:
Ашылмас жігіт адам сыннан өтпей.

147хәріф-әріп

Лайықсыз ерсілікке арандама
һәр істің мазмұнына көзің жетпей.
Ғибрат ал жақсыларға жақын жүріп,
Қаша гөр жамандықтан аулақ шеттей.
He нәрсе талаптансаң табылады,
Офа жоқ ер жігітке жафа 148 шекпей.
Мысалы хәрәкеттің сол секілді,
Алмассың егін орып тұқым сеппей.
Файданды жақсы болсаң тигіз көпке
Жатырқап һеш адамды сыртқа теппей.
Кезінде кезең жерден қосылып қал
Бәйгеге ұлы дүбір өткен көктей.
Мақсұты хасыл болып ойындағы
Илаһим149 ер тілегін мақбұл150 еткей
Тәуекел кемесіне мініп шыққан,
Ғылымның талиблары151 нұрын төккей.
Аз біліп көпке ғашық болғандардың,
Ләззәті152 таңдайынан жүрген кетпей.
Қанағат көп білдім деп етпе һүнерге
Көре бер басқалардың азын көптей.
Жасында қалсаң махрұм сан соғарсың
Болмайды жаман нәрсе өкініштей.
Шалқайып үйде жатсаң дәнеме жоқ
Сарф етіп ижтиһатпен153 малын төкпей.
Таппасаң дертке дауа, ғазизлерім,
Хафасы жұрттың қалың ауыр дерттей.

V
Шәкіртгерді етейінші бір жанап,
Шетке ұстамай сіздерді де бір санап.
Неше түрлі бұл заманда ғылым бар,
Үйренуге файдалысын қыл талап.
Өзіңнен зор кітаптарды көтеріп,
Мағынасын білмей жүрме құр қарап.
Бірін сөгіп, бір хәлфені мәдахлап.
Көше таптап, қыдырып, жүрме тарап,

148 жафа - азап
149 илаһим - құдайым
150 макбұл -қабыл
151 талиб - талапты
152 ләззат - рахат тисіну, құмары қану
153 ижтиһат-тырысу,жанталасу

Ата-анаң, ел-жұртың көп үміткер,
«Фәленше жан келеді», - деп - «іске жарап».
Сол үміткер шырағы сіз болсаңыз,
Үміт босқа шықпасын, ұмтыл бірақ.
Мұхтаждыққа не түрлі оқы шыдап.
Мехнәттан155 рахат болмай қалмас
Бір көрерсің файдасын ахыр, шырақ.
Орысша білмек қазаққа бек ләзім,
Руссияда болған соң біздің тұрақ.
Сусыныңды бардағы қандырып қал,
Мысалы ғылым жатқан ағып бұлақ.
Газет, журнал оқы да мағлұмат ал,
Көз жіберіп һәр іске салып құлақ.
Аршын жұтқан кісідей қақырайма,
Намыстанбай, білгеннен үйрен сұрап.
Көздің жасын құрғатар жігіт қайда?
Таршылықта қазақ тұр біздің жылап.
Жүріп, жастар, араға жақындастыр:
Біздің халық һүнерден жатыр жырақ.
Құрт жайлаған тамырын қу ағаштай,
Бір күн сынып не болдық кетсек құлап?
Кім қызықпас жүрегін бір жалғауға
«Мені же» деп алдында жатсақ сұлап?

VI
Әуелі үйренетін бір ғылымың,
Өзіңнің мұсылманша дін ғылымың.
Шарттарын исламның кәміл білсең,
Ахиреттік азық берер шын ғылымың.
Бұйырған, тыйған ісін шариғаттың:
Секілді фарыз, уәжіп мұны ұғуың:
Хат жазып, түркі танып, құран оқып,
Қираәт156 қағидамен157 жүргізуің.

164 хәрәжәт - ақша
155 мехнәт - бейнет, азап
156 қираәт - әндетіп оку
157 қағида - ереже

Мұғалім аз оқумен бола қалсаң,
Мәзкурларды сәбилерге білгізуің.
Мүдаррис үлкен ғалым болғың келсе,
Шаһардағы ғали158 медресеге тұр кіруің.
Екінші хажет ғылымың орысша дүр,
Өзіңе бек файдалы тіл білуің.
Қараған мемлекеттің низамы не?
Мұны білсең сақталар дүниелігің.
Руссияның закондары өз тілінде,
Көрдің бе білмегенге зор қиынын.
Әлбетте, һәм русша шығарады
һәммә кітап, рисала159, газеттерін.
һәр түрлі халыққа деген бұйрықтарын,
Жазбайды біздің тілде бірде бірін.
Көзіңнің шарасы бар, көңілің соқыр,
Немене білмеген соң көрген күнің?
Әуелде біздің қазақ қорқып еді,
Баланық ыхтимал160 деп бұзылуын.
Шоқынып солдат болып кетеді деп,
Қайтерсің білмеген соң іс мазмұнын.
Кеш біліп, кенже қалып көп файдадан,
Жібергені сол емес пе жер мен суын.
Жол тауып әлде болса данышпандар
Дұшманның құлатқай-ды тіккен туын.

VII
Кім жақсы халық ішінде байлар жақсы
Кедей жақсы дегенді іздеп тапшы.
Рас қой байлық артық екендігі,
Орныменен дәулетті, байлар, шашшы.
«Мал бітсе, соған бітсін!» - деп айталық,
Халыққа жомарттықпен болса басшы.

158 ғали - жоғары
159 рисала - шығарма, кітапша
160 ыхтимал-қалай ма қалай

He файда бәхил161 болып кұр жинаса
Ондай пасық сараңнан алыс қашшы.
Мәз болмай мыңдап жиған малыңызға
Ұмтылып ғылымға да көзіңді ашшы.
Көре алмай біреуіңнен бірің ассаң,
Өзді өзің күншілдікпен болма ащы.
Бірінен бірі тәғлим162 алмақ үшін,
Бүл күнде жердің жүзі араласты.
Білуге білмегенін құмар болып,
һәр қайсы өрге ұмтылып жағаласты.
Азы көптен қорқып та қарап тұрмай,
һүнер, ғайрат, білімін шамаласты.
Бойға сенген биіктер жайға қалып,
Талаптанған нашардың амалы асты.
Ұл, қыз демей баланы оқыт, қазақ,
«Пәлі делік, сонда біз, мынау асты».
Қазақ ойлар балама қалың берсем,
Оң жағымда отауым сонда ұнасты.
Мұны файда деп білме балаңызға,
Тұсау салып аяққа байлар басты.
Үш бұтынан ошақтың шетке шықпай,
Үйде отырып жасытар гауһар тасты.
Ата малы сенгені болып кетіп,
Жалқаулыққа салыну жарамас-ты.
Тәрбиесіз тоң мойын бай баласы
Қайтарып жүр әр жерде ыхыласты163.

VIII
Бір айтпадым көп айттым керек һүнер,
Бұл айтқанға халықта көп пе көнер.
Бұл заманда, көз салсаң, бір мінез бар
Дұрыс сөзге табылмас кісі сенер.

181 бәхил - кешіру
162 тәғлим - үйрену
163 ыхылас-шын көңіл

Сондадағы сөйлемей тұра алмас тіл,
Жалғандықты хақихат ақыр жеңер.
Жатқан зарды ішіңнен шығармасаң:
Ойда нен бар? - Жұрт сені қайдан білер?
Жуан қоныш, кең қолтық қазақтар деп,
Құляғынан тұмақтың тартып күлер.
Өтірік деп айтуға тағы орын жоқ,
Намыстанып, көргенде көңілім жүдер.
Азын-аулақ болмаса саналылар,
Бозбалалар көбіңнен үздім күдер.
Мыңнан біреу шыққанда басшы болып,
Жүзден біреуі шықса екен соңына ерер.
һәр тайфадан164 бір білген болып тұрса,
Сонда жұртқа шүбәсіз үлгі берер.
Халық файдасын күзетсе осылайша,
Ісімізге, әлбетте, береке енер.
Бұл айтқанның махрум һәммесінен
Қалсақ бізді халыққа кім теңгерер?
Қайтіп тұрсын үндемей білген адам
Ғақылы дария, көзі өткір, көңіл шебер?
Алла жаққан кеудеде оты болса,
Су бүріккенге бәнденің қайтіп сөнер?
Тамшы қаны, қалғанша шыбын жаны,
Шаһбазлар білгенін жұмсап көрер.
Жеті елім жоқ, біреуден - құтылу жоқ,
Ахыры - тәқдир165 жеткенде бірақ өлер.
«Топырақты үйден жаз» деп сұрайтын
Жаны тәтті жақсылар бұған не дер?..

IX
Ағайын барды күндеп көре алмайды,
Жоқ болса жомарттық қып бере алмайды.
Кеткені берекенің сол болмаса,
Білмеген білген тілін неге алмайды?

164 тайфа - тайпа
165 тәқдир-тағдыр

Екі көз бір-біріне дұшман болып,
Болса да қандай жақын сене алмайды.
Ұрысса қатын-бала әлде қандай,
Үйіне бір-бірінің ене алмайды.
Ғұмыры ит жығыспен бара жатыр,
Белгілеп бірін-бірі жеңе алмайды.
Көлденең ағайындар дәләлат166 қып
«Сіз бүйтіп бұзылмаңыз» дей алмайды.
Бастаса файдалы іске біреу шығып,
Соңынан көмек беріп ере алмайды.
Мал беріп жамандықты сатып алып,
Берсең де жақсылықты тек алмайды.
Арада фітнаның өрті жанса,
Құйса да туфан167 суын сөне алмайды.
Әуре боп бірін-бірі жоғалтам деп,
Татулық иттифаққа келе алмайды.
Дау десе жаны құмар бишараның,
Онымен һеш бір нәрсе өне алмайды.
Аударып хақ фиғылын бұзықлыққа,
Жүре алмай түзулікпен оңалмайды.
Береке кәсібінде болмаған соң,
Түзеліп һеш шаруасы оралмайды.
Біреуі біреуінен артық болса,
Бір-бірін илтифатпен тең алмайды.
Дұшманы сырттан болған жеседағы,
Онда да тізе қосып кек алмайды.
Жамандап бірін-бірі мұқатса да,
Ешкімнен мұның жөн деп шен алмайды.

X
Құл десең биді күледі
Құл десең құлды өледі.

166 дәләлат - делдалдық, ара ағайыншылық
167туфан-топан суы
Асыл дегдар заттарды
Мақтанбай әркім біледі.
Іші алтын, сырты мыс
Білмегенсіп жүреді.
Сезікті адам секіріп,
Мадақтап өзін көреді.
Тәңірі жаққан шам-шырақ,
Су құйсан, қайтып сөнеді.
Намыстанып орынсыз,
Абыройың пенде төгеді.
Пенденің тілі сүйексіз,
Жеңілсе де жеңеді.
Орынсыз іске матассаң,
Жамандық сонан өреді.
Ықылассыз кейбір надандар,
Тасқа егін себеді.
Ақымаққа айтқан нәсихат
Дәл осымен тең еді.
Пендемін деп жүр мәз болып,
Дүние жүзі кең еді,
Өскен жігіт мұрат боп,
Кімге ғибрат береді.
Алтыныңды мыс етіп,
Бос сөзден не өнеді.
«Аздан тұтын асылды» -
Данышпандар деп еді.
Жүгенсіз кеткен бас асау
Айтқанға қайтып көнеді.
Көңіл батыр, тіл қорқақ,
Айтатын сөзім көп еді.

XI
Қыздырманың қызыл тіл
Түбіңе жетер - соны біл!
Файдасы жоқ тиындай,
Сөз байлығы дария Ніл.
Күле кіріп, күңірене -
Үйіңнен шығар ол құрғыр.
Көз алдыңда бір түрлі,
Шыға беріп шашар сыр.
Тілімді алсаң, жігіттер,
Ондайлардан аулақ жүр!
Жақтай жүр афзал заттарды,
Бейне бір сөзі ол бұлбұл.
Жарысқа салсаң жаратып
Озатын мыңнан бұл дүлдүл.
Саяхатшы біз бенде
Сайрандауға дүния гүл.
Бейхабар жатба, жас ұлан,
Шығып тұр қазір һәрбір түр.
һүнерден алып үлесті,
Халыққа шашсақ болар нұр.
Қатын-бала асырап,
Мал жиғаның бұлай тұр.
Хайуаннан артық қай жерің
Надан болып жүрсең құр.
Жақсымен өткен мәжіліс
Бір сағаты бейне жыл.
Жаманның сенбе сөзіне,
Тайдырып кетер жіңішке қыл.
Дегенге «доспын» тез нанба:
Сырын біліп, көңіл бұр.
Аяғынды байқап бас,
Кез келмесін қазулы ор.

XII
Шікірейіп, я жігіттер, кетпелік,
Инсанлыққа ерсі жұмыс етпелік.
Қарастырып халық фадасын жабылып,
Көмек беріп мұхтаждарға көптелік.
Файдасы жоқ исрафтан168 бой тартып,
Керексіз бекер малды төкпелік.
Кәдәри хәл біреу шықса талапкер
Рәд160 қылып хәсәдлікпен сөкпелік.
Қайда қалған өткен заман қызығар?
Омыраулап күшке салмай, етпелік.
Әлде қандай заман болар алдыңда
Ғафилдықта бекер шулап өтпелік.
«Мынау керек» деген істен құр қалмай,
Нашар істен шама келсе шеттелік.
Халыққа келсе мүбада бір таршылық
Мұны әлбетте, басқа демей, дерт делік.
Сүйекке сіңсе, файда бермес, жамағат,
Жақындатып бойымызға ертпелік.
Тың кезінде қалған жақсы қимылдап,
Тұрса тәуір үнемі бізге ерік беріп.
Кіріспекші болсаңыздар бір іске,
Уәдені бұза бермей ет берік.
«Мынау ісің хата» деген кісіні
«Сөкті мені» - дей көрмеңіз жек көріп.
Басқаларды кемге тұтпа, мырзалар,
Өзінді өзің әлде қандай биік көріп.
Екі жүзді бола көрме, асылым,
Сырттан сөгіп, мәдих етіп бет көріп.
Ертешне қалма ұмытып, шыншылым,
Достарыңа бүгінгі күн серт беріп.
Сырты дос боп жүрген болса, іші жау -
Ондай итке: «Маңайымнан кет» делік.

XIII
Ғибрат жаздым жасқа еткен талап,
Қасыңнан ұран салып өттім жанап.

168 исраф - төгіп-шашу
169 рәд қылу - кері қағу

Желікпей, жүйрік болсаң, тұра алмассың,
Көрмеде арғымақтай тұрған жарап.
һәр баптан шешен болсаң сөйленерсің,
Бұлбұлдай бақшадағы бейне сайрап.
Күніңде қызғылықты қимылдап қал,
Тіл мен жақ, байланарсың бір күн әлі-ақ.
һүнерден бозбалалар үлес алмай,
Махұрым үйде отырып қалма қарап.
Сен өсіп кәмалатқа жеткеніңше,
Базары бұл ғылымның кетер тарап.
Тарылып дін дүниеміз бара жатыр,
Япырмау, білген бар ма бұл не ғажап?
Ойламас ертеңгісін не болар деп,
Салынып жалқаулыққа біздің қазақ.
һәр түрлі кемшілікті ғибрат қып,
Етеді басқа жұрттар бізді мазақ
«Бекер» деп күр кеудеге сала бермей,
Бізге де лайық қой мойынға алмақ.
Жарысып жұрттың бәрі һүнерменен,
Болып тұр қалам, сия қару-жарақ.
Білімді мыңды, білекті бірді жығар,
Халықтың артуына һүнер сәбәп.
Тәуфиқлы170, инабатты171 болсаң, жігіт,
Құрметтер халық сені дәрәжәлап.
Уәғдәсіз өтірікші болсаң мәгәр,
Бәддүға172 оқыр саған һәркім қарап.
Афзалын мінез-фиғыл, жүріс-тұрыс,
Лайық мұның барін алсаң таңдап.
Сырың бір, қырың сегіз болсын, құрбым,
Бүл өзі бозбалаға ауыр салмақ.

170 тәуфиқлы - тәрбиелі, көргенді
171 инабатты - сенімді
172 бәддұға-қарғыс,теріс бата

XIV
Басылсын халыққа тарап бұл книжюе,
Жазылған келгенімде жиырма беске.
Кәдірлеп сөз асылын танығандар,
Қолына ала отырсын мәжілісте.
Өзіммен мәсіләктес173 құрбыларым,
Көтеріп лақабымды алсын еске.
Мағыналы сөзім терең болмаса да,
Бір әсер бермейді деп үміт кеспе.
Міржақып бар сөзімен базар ашты,
Жиылып, һүнерпаздар, кел кеңеске.
Сынына білгіштердің сөзді салып,
Болмайды «ғақыл, совет» бер демеске
Өзіңді биік ұстап менмен болып,
Лайық па емтихан ғып тергемеске.
Тал түсте қойға қасқыр шауып жатса,
Дұрыс па көре тұрып үндемеске?
һәр іске өз формынша баға беріп,
Хиянат - теріс, ғаділдік - шын демеске?
Білімсіз топас болсаң мойынға алып,
Бола ма ғайрыларға «біл» демеске?
Іс істе татулықпен басың қосып,
Файда жоқ құр шулаған ерегісте.
Шамаңнан келмес жерге бой көрсетпе?
Бұлданба өз қолыңнан келер іске.
«Фәленше білсін» деген сөзге мәз боп,
Мырзалар, тілімді алсаң еліріспе.
Жұмысқа абыройсыз қатынаспай,
Бел байлап тәуекел қыл жеңер іске.
һәр іске һүнер, хәйлә керек болар,
Тіл алсаң омыраулап салма күшке.

173 мәсіләктес - пікір бағыты,нанымы бiр

Бұл сөзім илтифатсыз босқа қалып,
Түбінде қалып жүрме өкінішке.

XV
Көңілі бозбаланың ашылғандай,
Құмары кәрілердің басылғандай.
Ләззаті көпке бірдей сөз шығаршы,
Халыққа файда беріп шашылғандай.
һәр кімнің қышуына тие сөйлеп,
Мәдихлап дәрежеңді асырғандай.
Сөзіңмен дұшманды азайт, досты көбейт,
Тасалап ғайыбыңды жасырғандай.
һүнермен құрбы ішінде көсемдік қыл,
Өзіңе мұхтаж келіп асылғандай.
Артылып достарыңның махаббаты,
Болмасын дұшпандарың басылғандай.
Жақынсып жұртқа тегіс сене берме
Білдің бе: досың қандай, қасың қандай?
Болмаңыз көрсе қызар көрінгенге,
Байқаңыз: фасық қандай, асыл қандай?
Енеңді шыға беріп кетеф боқтап,
Көзіңше болсадағы бас ұрғандай.
Хафада жұрттың көбі жүр әуре боп,
Мақсұды көңіліндегі хасыл болмай.
Арыстандар айға шауып мерт болып тұр,
Ғайраты бойға сыймай ашынғандай.
Бұл күнде көбі хор боп жүр емес пе,
Шаһбазлар қалың жауды қашырғандай?
Файда жоқ ірілікте, байқасаңыз,
Көз жібер: олақ қандай, тәсіл қандай?
Фасықтар ер қадірін қайдан білсін,
Көрмейді ой жіберіп нәсіл қандай?
Файдасыз мылжың сөзді һәркім айтар,
Келмейді сөздің нәші асылданбай.
һәммәсын бұл айтқанның байқамайсың,
Өзіңе өзің, жігіт, қасың бардай.

XVI
Әфәндім, хата қандай, анық қандай?
Бұл күнде көз жіберсек халық қандай?
Ілгері басқан аяқ кері кетіп,
Хафада жәрдем таппай тарыққандай.
Арасы аспан менен жер секілді
Мысалы, қараңғы мен жарық қандай?
Хиянат ғаділдікпен жанасар ма,
Байқасаң, арасында фәрқ қандай?
Бенденің бірі күшті, бірі нашар,
Өлшесең жоқтықпенен барлық қандай?
Берер ме қойшы болып қасқыр уафа,
Ізгілік залымдықтан ғаләб174 болмай?
Жақсы мен жаман кетті араласып,
Фиғылын һеш адамның танып болмай.
Өкініш күн өткен соң бермес файда,
Ғылымның шәрбәтінен қанып қалмай.
Тұрғанда тән сәләмәт неге отырсың,
Жеріне көңілге алған барып қалмай.
Жармасып жағаласпай дәнеме жоқ,
Тиесілі сыбағаңды алып қалмай.
Жұмсайтын һүнер орны кез келгенде,
Дәреже болсадағы салып алмай.
Көз жібер һәр нәрсенің асылына,
Сөзіне алдаушының нанып қалмай.
Жастықта не қылсаң да жарасады,
Қартайып күнің болар жалыққандай.
Қан түссе аяғыңа озар мәстек,
Осындай аманында шауып қалмай.

174 ғаләб - жеңіс

Бел байлап тәуекелге жұм көзіңді,
Ешкімнен жүрексініп хауыфланбай.
Ғазилар хафалықта жүр әуре боп
һеш нәрсе бұл уақытта анықталмай.

XVII
Болады Торғайский уәләятым,
Тайфам Арғын, Мадияр асыл затым.
Бұл - сөздің мүхаррирі һәм наширы
Дулат-оғлы Мир-яғкуб өзім атым.
Дәреже халыққа файда келе ме деп,
Бүл еткен сол ниетпен қызметім.
Қиыстырып қәдәри хал айттым назым,
Көтеріп оқушының көңіл шатын.
Сөзімді жауып қоймай халыққа тарат,
Тілейтін құрбылардан бір хажәтім.
Майданға сөзді салып құрдым дүкен,
һәр істің тәңіріден деп қабуләтін.
һүнерге жүрмін сусап құмарланып,
Ғылымның аз татқанға ләззатін.
Тағлим тәртіп үшін жүргендеймін,
Іздеумен жері болса табылатын.
Школге бергенеді атам мархұм,
Заманның түрін көріп тарылатын.
Орыстың тілін біліп, хатын танып,
Біреуге болмасын деп жалынатын.
Болғай-ды жайы жәннат, иман кәміл
Бихисаб еткен алла рахметін.
Аз білген ғылымымның саясында
Милләтке қызмет ету ижтиһадым.
Білдіру білмегенге білгенімді
Өзімнің деп білемін зор міндетім.
Мен жүрмін жиһан кезіп, халық аралап,
Жүруге күн болар деп жалығатын.
һәр елді өз көзіммен көрейін деп,
Себеп боп мұталиғам175 ашылатын.
Үлгілі жақсылардан өрнек алып,
Мақсұдпен арттыруда мәғрифатым.
Көп файда аз ғылыммен көрсетпесе,
Көп біліп кім болады Әфлатон?
Файласыз ғылымда жоқ ешбір уафа,
Ішуге ащы судай жарамайтын.
Болғайсың таудай аққан тәтті бұлақ,
Ыстықта шөлдегендер жабылатын.
Қысылған мұхтаждарға жәрдем беріп,
Халықтың өзіңе аудар махаббатын.
Қадірің дос-жарларға болсын сондай,
Сыртыңнан көрмегенде сағынатын.
Өскенде һүнер табам деп ойлама,
һәр нешік күнің осы талпынатын.
Зиһінім176 хайыршының дорбасындай,
Қайткенде артылады мағлұматым?
Жастықтан қызғылықты болар заман
Я өліп, я қартайып айрылатын.

Ескерту: «Тәржиман» газетінің мухәррире машһүр Исмағил Гаспринский жәнәбләрі біздің қазақ халқына жаны ашып, өзінің газетасының 1909 жылғы 46 нөмірінде төмендегі сөздерді жазған. Кейбір түсінуге ауырлұғатларын177 қазақша етіп жаздым.
Гаспринский жәнәбләрі жазады: «Келсе сабан - бітер шобан, жетсе заман - үйіріміз аман». «Аральскийден Ақмолаға шейін һәм онан да ары Ташкенттен Алматыға уә Семипалатқа кәдәр178, яғни Руссиядан қазақ іштеріне Түркістаннан Сібірге шейін темір жолдар салынуы мізакирә179 етіліп жатыр. Шәһәрде тұратұғын халықтар, хсусан саудагерлер, һәм үкімет те осылайша болуын ұнатады. Олай болғанда бес-он жылдық ішінде темір жолдар тартылып отарбалар, вагондар қазақ даласының басынан кіріп, аяғына шығашықдыр.

175 мұталиға - бахыт, ырыс
176 зиһін - зерде
177 лұғат - сөз, сөздік
178 кәдәр - шейін
179 мізакира - кеңес іліп

Мағлұмат ғой, темір жолдарымен көп сатушы, алушы, жер алу үшін хахолдар селдей ағып келеді. Малдың, жердің, судың бағасы бұл күнгісінен он есе көтерілмек, сауда істері де үлкен өзгерер, ілгергі хәлдерін ойламаушылар һәләк180 болашақ. He үшін десеңіз, бұл күнге шейін қазақ қала салып, бір жерде отырмай, һәман мал бағып көшпелікте жүр.
Руссиядан үсті-үстіне көшіп келген мұжықтар қазақтың жақсы жерлеріне орнығып, қазақтар шөл далаға шығып қалар.
Жері тарайса малдың ерісі қысқарар. Өріс қысқарса күннен күнге аяқты мал азаяр. Бұлай болғанда қазақтың әуелі малы кеміп, бастарына зарар болар. Құдай өзі сақтасын! Мұның һәммасын көретұрып ғафил жату адамшылыққа лайық емес; қазақтар ата-мекен жерлерін, қыстау, егіндіктерін жақсы сақтасын. Бұрынғы көп жерінен айрылып, қалғандары өздерінің һәзіргі сыбағасына тиген жерлерін тәрбиелеп, ноғай, сарт, орыстарша егін салсын.
Heгe десеңіз, бұл заманда байлық аяқты малда емес, егінде қалды. Бұл өткен қырық-елу жылды көзінен кешірген қазақ бауырларымыз аз фәһім жіберсе, бұл сөзді, аңғарар.
Сөз басында «Келсе сабан - бітер шобан» дегеніміздің мәнісі: бұрынғы уақытта біздің Қырым халқының көбі дәл қазақ секілді мал асырап, көшіп жүреді екен.
Араларына орыстар, немістер келіп, қала болып, егін сала бастаған соң, бұлардың малдарының өрісі тарылып, біздің сол мал баққан халқымыз елу жылдың ішінде тамам жойылды десек жарайды. Бұл күнде қабірлерінің де қайда екені мәлімсіз. Бұл күнгі Ставрополь, Екатеринослав, Херсон, Бессарабия губерниялары түгел түрік жерлері еді. Қазірде ол жерде һешбір аулымыз қалған жоқ. Олардың бастарына бір қырғын келген жоқ, мағлұм мал бағатын жер-суынан айрылған соң азып-тозды.
Бізге анық мағлұм, бүл жазған сөзімізді мыңнан бір қазақ оқымас, оқыған болса бұл күнге шейін мұндай қызғанышты халде қалмас еді. Бинай ғалия, бұл сөзді кім үшін жазамыз? Қазақтан болған молдалар, саудагерлер, мұғалімдер, ғылым жолында жүрген жастарды көздеп һәм көңілде тұтып жазамыз.

180 һәләк - мерт, жол

Құдайдың әмірімен қазірде Хожа Ахмет Яссауи хазіретлері қабірінен тіріліп шықса, қазақ халқына дін үйретпес еді. «Өздерің де мұсылман екенсіңдер»,- деп, дүлдүліне мініп алып, Қара Еділден Алатауға, Омбыдан Әмударияға шейін қазақ бір жерді аралап: «Тез жұрт салып, шәһәр болыңдар, егін саймандарын алып, жер жыртыңдар», - деп жар салар еді.
Басында ми, көңілінде сәулесі бар һәр кісіге қадари хал жәһід етіп қазақ халқын оятуға, қала болып егін салуға қызықтыруға міндет. Қазақ ішінде иман болушылар бес уақыт намазды оқытуға қандай қылса, бұл іске де сондай жәһід қылсын. Егер қазақ халқы таршылықтан қырғындық тапса, қабір басындағы тастарға молланың не қажеті бар, намаздын не қажеті бар?
Жоғарыда моллалар, саудагерлер, мүғалімдер деп едік, сөз ақырында қазақтан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын. Европаның пролетариясы үшін қанды жастар төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқы мазлұм181, күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқын алты миллиондық бір ұлы бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер. «Мәрхамат!»182.

Сөз ақыры

Жақындап келді сөзім тамамына,
Ұсындым сынаушының назарына.
Орынсыз хатам болса көрсетіңіз,
Ғибрат еске түсіп аларыма.
Бұл сөзді жазғаным жоқ ақын болып,
Халық тентек, жалғыз өзім мақұл болып.
Қайғы мен хәл мүшкілін білдіргенім,
Ұйқыда жұрт жатқан соң ғафыл болып.
Қазақтың өзім дағы баласымын,
Білемін сол себепті рәсімін.
Хәйламен қақпан құрған жауды көріп
Теріс пе сізге келіп сыр ашуым?
Мүсанниф183 һәр халықтан өткен сайрап,
Заманның кемшілігін айтқан зарлап.

181 мазлұм - тепкі көрген, жәбірленген
182 мәрхамат - қайырымдылық
183 мұсанниф - автор, құрастырушы

Үзілмей данышпандар шығып жатыр
Мәлләтке жаны ашып, ғамын ойлап.
Орыста Пушкин, Гоголь, Лермонтов,
Крылов, Тургеневтер кеткен өтіп.
Қартайып бұл уақытта Толстой тұр
Өзіне мәсіләктес ерлерді ертіп.
Казақта бұлар теңдес бар ғой шешен
Халықтан мойны озып болған көсем.
Семейден шықты Ыбырай Құнанбаев,
Сөзінде хате бар ма сынап көрсең.
Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей,
Сөзі алтын, мағанесы меруерттей.
Оқыған ғибрат алып жас жігіттер
һәммесі өз халқына хызмет еткей.
Оралдан Әбубәкір молла шықты,
Омбыдан Қыпшақбайдай жорға шықты.
Торғайда Ақмолла мен Нұржан жатыр,
Шөже, Орынбай, Мәшһүр Жөсіп о да шықты.
Бұлардың хәрбір сөзі файдаға асқан,
һүнерін хатқа жазып халыққа шашқан.
Мақтап өлең айтпаған нәрсе алуға
Ғажайып хикметтің184 кілтін ашқан.
Бұлардан басқа ақын көп сөз бұлдаған,
Бергенді мақтап, сараңды жамандаған.
Есімін оның үшін жазбаймын мен
Болған сон, хадемлардан саналмаған.
һәр баптан білгенімді жаздым сорттап,
Барыма қанағат ет деме жоқтап!
Артуын абыройдың хақтан тілеп,
Етілді сөз мұхтагар185 қалам тоқтап.

184 хикмет - даналық
185 мұхтасар - қысқартылған
Достарыңызбен бөлісіңіз