Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Намыс құрбанына

(МАРҚҰМ СҮЛЕЙМЕН БИЖАНҰЛЫНА БАҒЫШТАДЫМ)

Сен жоғыңда бұ жалғанда,
«Жалғап олқы» дейді кім?
Сен келгенде арамызға,
Қанша Орасан толды кім?
Қайтып едің қалыбыңа,
Бар ма нәрсе өзгерген?
Сен бір сыншы көрейін деп,
Сұм жалғанға кез келген.
Бар жолдасың бойыңдағы,
Ар-иманың, намысың,
He қылайын деп едің сен,
Бұ жалғанның табысын!
Намысыңа тиіп еді,
Қылдың құрбан мал-жанды,
Ата-анаңды, аға-інің мен
Елі-жұртың жалғанды.
Мен де жаңа білдім енді:
Бір жігіттің сымбатын.
Білдіруге келгеніңді
Ар намыстың қымбатын...
1917-1918
Достарыңызбен бөлісіңіз