Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Гүл

(A. С. Пушкиннен)

Кітаптың арасында ұмыт қалған
Иіссіз кепкен гүлді көзім шалған.
Тоқталып біразырақ сонда мені
Мінеки қиялдарым ойыма алған:
Қайда өстің? Қай уақытта? Қайсы жазда?
Кескен кім? Көгердің сен көп пе, аз ба?
Жақынның яки жаттың қолыменен
Салындың не себептен сен осында?
Қызыққа қосылып молыққанда
Айрылған белгісі ме торыққанда?
Оңаша сахарада сайран етіп,
Ағаштың саясында жолыққанда.
Жүр ме екен сол жас әлі тірі?
Қайда екен бишаралар осы күні?
Болмаса кеуіп, семіп қалды ма екен?
Белгісіз мынау гүлдей болып түрі?
Достарыңызбен бөлісіңіз