Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Өткен - аяулы

Өткендi мақтар әр адам.
Бiлмеймiн, өткен алтын ба?
Болмаса, мақтау өткендi
Азаматтың салты ма?
Қариялар отырып,
Баяғыны мақтайды.
Желкiлдеген жас заман
Оларға тiптi-ақ жақпайды.
Заң да болған соларда,
Тура, әдiл, жақсы да,
Аспаннан перi түсiрген
Ғайыпты болжар бақсы да.
"Өткен артық " дер адам,
Шеше де өлген баласын
Аузынан, сөйлеп, тастамас,
Көз iшiнде қарасын
Қылықты да, тәттi де,
Ақылды да ол бала.
Екi жасар күнiнде
Пәлен деген - ол дана.
Жалғаны жоқ, адамнан
Жаңаны мақтар санаулы.
Не дұрыс шығар, не терiс,
Әйтеуiр өткен - аяулы.
Достарыңызбен бөлісіңіз