Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Өлең

Тарықса жаным,
Ауырса тәнім,
Сүйеуім бар демейтін.
Ол болса менде,
Қозғалса жер де:
«Бұ не болды?»- демейтін
Жан сүйгенім - ол да өлең,
Жете алмасам, жолда өлем!
Жанымның жаны,
Тәнімнің қаны,
Тіршілігім сенімен.
Ойландым - тоймадым,
Іздедім - қоймадым,
Кеңес біраз менімен.
Естісе сені - жан иір,
Бағаң білмес көп сиыр!
Өлеңнің ұйқасы

Талапсыз сорлы - «ойлаған»,
Ойға терең - «бойлаған»,
Есалаң, уға - «тоймаған»,
Қажып бір ойын - «қоймаған».
Есер жүрек - «ойнаған»,
Өлгенше үміт - «жоймаған»,
Жындыдай жалғыз - «тойлаған»,
Жалықтырды - «ой» да «ған»...
Құрысын өлең! Қой бағам!
Достарыңызбен бөлісіңіз