Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Төбет

Түн бойынша сақ төбет,
Үріп шықты шарқ ұрып,
Жауды біліп аңдыған.
Ac бермеді бәйбіше:
«Үрдің,- деп,- босқа құр кеше,
Барқылдақ,- деп,- алжыған!»
Түн болды тағы, кәр төбет
Бұралып жатты, үндемед,-
Қайтсін сорлы, қажыған!
Білгенін бөрі істеді,
Төбет тағы естіді
Кешегі сөзді «алжыған!»
Достарыңызбен бөлісіңіз