Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Сылдырмақ

Бүлдірген беті бөбектің
Қолында отыр сылдырмақ.
Өзі сақ-сақ күледі
Сылдырмақтай сылдырлап.
Тоқтап, тыңдап тұрад та,
Сөйлеп қояд былдырлап.
Секіріп-секіріп түседі
Шұнаңдаған құлдыр лақ.
Атасы қарқ-қарқ күледі:
«Құр, құлыным, құр-құрлап».
Бөбектің егер қолынан
Түсе қалса сылдырмақ,
Әлімжан аға болмысы
Сылдырмақты сыйдырмақ.
Ең болмаса, «байқаусыз»
Басып кетіп, сындырмақ.
Достарыңызбен бөлісіңіз