Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Сарғайып келген егін толқынданса

(Лермонтовтан)
Сарғайып келген егін толқынданса,
Жас орман, жел күңірентіп, әнге салса,
Жапырақтың жасыл ләззатты саясында
Бақшада мойыл қаймақ жасырынса.
Себілген алмас шықпен шын хош иіс,
Сары алтын - ерте, яки қырмызы кеш.
Бір топтың қолтығынан күліп қана
Бас иіп есендесер күміс ландыш.
Секіріп салқын бұлақ ойнап сайда,
Батырып көмескі түс, тұманды ойға,
Шапқылап шыққан жерін әңгіме ғып,
Былдырлап ақ бетінен сүйгізсе Айға,-
Сол уақыт жай табады асау жаным,
Сол уақыт жадырайды қас-қабағым.
Шын бақты тапқандай боп осы жерде-ақ,
Көремін көк жүзінде Жасағаным...
Достарыңызбен бөлісіңіз