Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Шығыс ақындарынша

Иүзи – рәушан[1], көзі – гәуһар[2],
Ләғилдек[3] бет үші әхмәр[4].
Тамағи қардан әм биһтар[5],
Қашың құдрет[6], қоли шигә[7].

Өзәң гүзәлләра рәһбар[8],
Сәңә ғишық болып кәмтар,
Сүләйман, Ямшид, Искандәр,
Ала алмас барша мүлкигә.

Мүбәда[9] олса ол бір кәз,
Тамаша қылса йузмә-йуз.
Кетіп қуат, йұмылып көз,
Бойың сал-сал бола нигә?

1 Рәушан, рушан (парсыша) – жарық, айқын, әдемілік.
2 Гәуһар, жауһар (парсыша) – асыл тас.
3 Лағыл (арабша) – асыл қызыл тас. Лағылдек – лағылдай.
4 Әхмар (арабша) – қызыл.
5 Биһтар (парсыша) – бетер, жақсырақ. Бұл жерде қардан да ақ деген мағынада.
6 Құдрет (арабша) – күш. Бұл жерде ерекше жаратылған деген мағынада.
7 Шигә (парсыша) – әдемі, сұлу.
8 Рәһбар (парсыша) – жол сілтеуші, бастаушы. Бұл жерде әдемілікке бастаушысың деген мағынада.
9 Мүбәда (арабша) – егер де бола қалса деген мағынада.
Достарыңызбен бөлісіңіз