Қосу (Қоғамдық) Қосу (Жеке)
Күлембайға

Уағалайкүмүссәләм,
Болыс, мал-жан аман ба?
Мынадайға кез болдың,
Аума-төкпе заманда.
Ел билеген адам жоқ,
Ата менен бабаңда.
Болыстықтан пайда қып,
Шығыныңды алсаң, жаман ба?
Қалжыңдаймын әншейін,
Оған келе де бермес шамаң да

Орныңнан тұра шабасың,
Атшабар келсе қышқырып.
Ояз келсе, қайтер ең,
Айдаһардай ысқырып?
Отырасың үйіңде
Өз өзіңнен күш кіріп.
Босқа-ақ түсіп қаларсың,
Біреу кетсе үшкіріп!..
Достарыңызбен бөлісіңіз